“Агроорталық-Астана” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Қазақстан Республикасының ең iрi астық компаниясы болып табылады.

Агроорталық-Астана аграрлық-өнеркәсiптiк компаниясының негiзгi қызметi – ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару, қайта өңдеу және сату.
Серiктестiк 1997 жылы жеке меншiк капиталы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық саласына инвестициялау жолымен құрылды.

  Бүгiнгi күнi “Агроорталық-Астана” ЖШС дегенiмiз:

Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстарының 27 iрi ауыл шаруашылық кәсiпорыны ауыл шаруашылық пайдалы жерiнi жалпы ауданы 700 мың гектарды алып жатыр, олардың iшiнде 400 мыңнан астам гектар дәндi дақыл егiсiне арналған.

жалпы бидай сақтау қуаттылығы 762 мың тонна құрайтын бес желiлiк элеватор және үш астық қабылдау пунктiсi, олардың iшiнде желiлiк элеваторлар - 630 мың тонна, мұнда жалпы құаттылығы тәулiгiне 450 тонна бидайды құрайтын 4 диiрменде бидайды ұнға тарту ұйымдастырылған.

нан – тоқаш бұйымдарын өндiретiн төрт зауыт. Олардың базасында Тоқаш – кондитер комбинаты және Қапшағай нан зауыты құрылған. шығарылатын өнiм көлемi тәулiгiне 80 тонна нан – тоқаш және кондитер тағамдары және экологиялық жағынан таза өнiмдердiң 200-ден астам атаулы.

жалпы көлемi 35 000 тонна ашық және 5 000 тонна қара мұнай өнiмдерi, автомобильге май құю станцияларының тұрақты желiсi бар екi мұнай базасы.

жалпы паркiсi 150 iрi жүк тасымалдайтын автомобилi бар үш автокөлiк кәсiпорыны.

“Красноярск комбайндер зауыты өндiрiстiк бiрлестiгi” ААҚ-мен бiрге бидай жинайтын комбайндерге және басқа техникаға сервистiк қызмет көрсету орталығы. Қызметi – техниканы жеткiзу және кепiлдiк есебiнен алу, сату алдындағы дайындық, техникалық қызмет көрсету, кепiлдi жөндеу, кепiлдiктен кейiнгi кезенде фирмалық қызмет көрсету.

 

азық-түлiк және тұрмыстық химия өнiмдерiмен бөлшек және шағын көтерме сауда. Дүкендер желiсi.

Астанадағы база: құрылыс материалдарын сатып алу, сақтау және сату. Қойма үй-жайларын жалға алу.

сүттi қабылдап өңдейтiн сүт кешенi. Сүт, ашыған сүт өнiмдерiн және балмұздақ шығару.

мал шiкiзатынан тамақ, техника, дәрi-дәрмек және жемшөп өнiмдерiн өңдейтiн “Тамақ комбинаты ЖШС”. Жалпы қуаттылығы жылына 5-тен 12 тоннаға дейiн.

АН-2 ұшақтарының паркi бар және арам шөп, зиянкестер және дәндi дақыл ауруларымен күресу жұмыстарына арналған “Агроорталық-Авиа АК”.